Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында салтанатты іс-шара өтті.

Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Ол табиғатты қорғау, сақтау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ экология саласына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттады.

Салтанатты жиын барысында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, саябақ аумағында әктеу, сырлау және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

Айта кетейік, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен бекітілген.

Өңірде экологиялық бастамалар аясында түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Соның ішінде жақында өткен Тазалық марафонына 19 мыңнан астам тұрғын мен ерікті қатысып, 6 295 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 490 гектар аумақ абаттандырылып, 246 тонна қоқыс шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі жауапкершілікке тартылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында шаруаларға 46 жаңа техника берілді

berdaly_oraz

Түркістанда өткен халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті

berdaly_oraz