САРЫАҒАШТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқын алды. Дербісек ауылдық округінде 31 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде.

Жобаны екі мердігер атқаруда: «Bairkum company» ЖШС – 15 көше, ал «Artd group» ЖШС – 16 көше бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда «Artd group» асфальт төсеуді бастап кеткен.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс барысын бақылап, сапаға баса назар аударуды тапсырды. Ол мердігерлерге жұмысты уақытылы аяқтауды міндеттеп, сала басшыларына сапаны қатаң қадағалауды жүктеді.

Жол жөндеу кезінде әкім ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Сайрам ауданында дүкеннен спорттық киім ұрлаған күдікті қолға түсті

berdaly_oraz