Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингінде тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет әйелдер арасындағы әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Шілде айына арналған рейтингте 22 жастағы шахматшы 2 538 рейтингтік ұпай жинап, бірден екі сатыға жоғарылады. Осылайша, ол әлемдік рейтингтің бесінші орнына тұрақтады.

Қазіргі таңда рейтинг көшін қытайлық Хоу Ифан (2 596 ұпай) бастап тұр. Екінші орында Лей Тинцзе (2 566), үшінші сатыда әлем чемпионы Джу Вэнцзюнь (2 560), ал төртінші орында Чжу Цзиньере (2 550) орналасқан.

Бибісара Асаубаева – Қазақстан шахматының жарқын жұлдыздарының бірі. Ол блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанып, халықаралық ареналарда тұрақты жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Сонымен қатар ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел намысын абыроймен қорғап жүр.

Әлемдік рейтингтегі жаңа белес – Бибісараның кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің жемісі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан шахматы үшін тарихи жетістік саналады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРИЛА АСАНҚЫЗЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті сайланды

Redaktor Arysinfo