Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғабы Ұлттық ұлан музейіне тапсырылды

дереккөз фото: turkystan.kz.

Қазақстанның аңызға айналған боксшысы Геннадий Головкин Ұлттық ұланның Орталық музейіне өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты. Бұл – музей қорындағы ерекше құнды жәдігерлердің бірі.

Бұл жаңалық елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Сұрамаев үшін айрықша қуаныш болды. Алматыдан мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз бала кезінен Головкиннің жекпе-жектерін тамашалап, оның еңбекқорлығы мен чемпиондық мінезінен шабыт алғанын айтады.

Марленнің өзі де бокспен кәсіби айналысқан. Ол – Республикалық спорт колледжінің түлегі, спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Алматы қаласының чемпионы.

Жуырда жас ұлан Құрмет қарауылы ротасының құрамында Геннадий Головкиннің есімі Даңқ залына енгізілуіне арналған арнайы бейнероликтің түсіріліміне қатысқан. Ал әйгілі спортшының өз қолғабын музейге табыстағаны сарбаз үшін ерекше әсер қалдырды.

Енді Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы Ұлттық ұланның Орталық музейінде сақталып, жас әскери қызметшілерге отансүйгіштік пен табандылықтың символы ретінде қызмет ететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды

berdaly_oraz

БҚО-да 9 жасар бала өрт кезінде екі бауырын аман алып қалды

Redaktor Arysinfo

Айдарбек Сапаров: Мал шаруашылығы агроөнеркәсіптің негізгі өсім нүктесіне айналып келеді

Redaktor Arysinfo