Погондағы чемпион: Капитан Қымбат Ахметова Азияны мойындатты

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі, капитан Қымбат Ахметова Азия чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті. Бұл жеңіс – тек жеке спорттық жетістік емес, Қазақстан армиясының кәсіби дайындығы мен әскери қызметшілердің жан-жақты әлеуетін көрсететін маңызды нәтиже.

Қымбат Ахметованың жеңісі қайсарлықтың, табандылықтың және үздіксіз еңбектің жемісі. Әскери қызмет пен жоғары деңгейдегі спортты қатар алып жүру – үлкен жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап етеді. Ол осы қасиеттердің арқасында құрлықтық додада қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Мұндай жетістіктер жастарға, әсіресе әскери қызметті таңдаған азаматтарға зор мотивация береді. Капитанның жеңісі салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, спортпен тұрақты айналысудың және Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды.

Азия чемпионы атанған Қымбат Ахметованың табысы – Қазақстан спорты мен Қарулы күштері үшін ортақ мақтаныш. Оның жеңісі халықаралық аренада көк Тудың абыройын асқақтатып, ел спортының жаңа белестерді бағындыруға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында дүбірлі көкпар ойыны өтті

Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

Redaktor Arysinfo

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді

Redaktor Arysinfo