170 оқушы тарихқа сапар шекті: Түркістанның киелі орындары жас ұрпаққа таныстырылды

Түркістан облысында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Облыс тарихы» тарихи-танымдық керуен-шеруіне облыстың барлық аудан-қалаларынан келген 170 оқушы қатысты.

Бес күнге созылған тағылымды сапар барысында жас қатысушылар Отырар қалашығы, Арыстан баб кесенесі, Ақмешіт әулие үңгірі, Домалақ ана кесенесі, Ғайып Ерен Қырық Шілтен кешені және Түркістан қаласының тарихи-мәдени нысандарын аралап, туған өлкенің бай мұрасымен танысты.

Жоба соңында оқушылар «Тарихқа саяхат» байқауы мен «Тарих білгірлері» QUIZ ойынына қатысып, үздіктер марапатталды.

Бұл жоба жас ұрпақтың туған жер тарихына қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тепловоз жүк көлігіне соғылды: Пойыздар кешіктірілді

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды

admin_arysinfo

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

berdaly_oraz