«Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі: Астанада мыңнан астам делегат бас қосты

дереккөз фото:Aikyn.kz

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өз жұмысын бастады. Ауқымды саяси жиынға еліміздің барлық өңірінен келген 1 000-нан астам делегат, партияның облыстық филиалдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сарапшылар қауымдастығы мен өзге де шақырылған қонақтар қатысып жатыр.

Съезд барысында партияның алдағы даму бағыты, ұйымдық мәселелер және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты өзекті бастамалар талқыланады деп күтілуде. Сондай-ақ партия қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануы ықтимал.

Кезектен тыс съезд – партияның алдағы кезеңдегі саяси ұстанымы мен стратегиялық басымдықтарын айқындайтын маңызды алаң саналады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Ордабасыда жылына 90 млн дана кірпіш өндіретін зауыт ашылады

Түркістан облысының әкімдігі Woosong University Kazakhstan оқу ордасына 100 грант бөлді