«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар Қазақстанға келді

дереккөз фото: Aikyn.kz.

Қазақстанда XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны – Айбын-2026 бастау алды. Ауқымды шараға қатысу үшін шетелдік командалар мен жастар ұйымдарының өкілдері елімізге келді.

Халықаралық додада Қазақстанның намысын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қарамағындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж кадеттері қорғайды. Аталған оқу орны Сағадат Нұрмағамбетов есімімен аталады.

Жиын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысып, тактикалық дайындық, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық байқауларда бақ сынайды. Сонымен қатар жастар арасында патриоттық тәрбие беру, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Айбын» жиыны жыл сайын әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға, жастардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде өткізіліп келеді. Биылғы жарыста қазақстандық кадеттер жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етеді деген сенім мол.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Sky Train» жобасы қарастырылып жатыр

Арыста «Жас сарбаз-2025» сайысының үздіктері анықталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 16 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo