Арыс әкімі Қайсар Маңқараев халықпен кездесіп,қаланы көркейтуге қатысты тапсырмалар берді

Сурет: қала әкімдігінен

Арыс қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала әкімі Қайсар Мәнқараев жергілікті халықпен кездесіп, қаланы көркейтуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Осыған орай, көшелердің қазіргі жағдайы зерттеліп, жөндеу және абаттандыру шаралары қолға алынуда.

Қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов бірқатар маңызды нысандарды аралап, олардың техникалық жағдайын тексерді. Соның ішінде И. Ақынбеков пен К. Отаров көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелін қауіпсіз ету мәселесі қарастырылды. Бұл аумақта жүргіншілердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы шаралар жоспарланды.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері негізінде «Почтовый» тұрғын алабында аулаларды абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және қоқыс алаңдарын жөндеу мәселелері қарастырылды. Жергілікті билік бұл ұсыныстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта қала инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасын тауып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тәртіп сақшылары кофе таратты

Альфия Адамбек

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

berdaly_oraz

Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан 7 медаль жеңіп алды

berdaly_oraz

Пікір жазу