Арыста заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік шаралар жалғасады

Арыс қаласында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол сапасын қорғау және рұқсатсыз жүк тасымалына тосқауыл қою мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы аптада да рейд жұмытсары жалғасты. Рейд барысында шамадан тыс жүк тиеген, жолдарды ластаған және қозғалыс қауіпсіздігін бұзған көліктерге қатысты тиісті шаралар қабылдануда.

Жалпы, жыл басынан бері Арыс қаласында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы құрылған мобильді топ 31 рейд жүргізіп, 301 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша хаттама толтырды. Нәтижесінде тиісті айыппұлдар салынып, заң шеңберінде өндірілді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының көлік бақылау инспекциясы, Арыс аудандық полиция бөлімі және қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақтан асырып жүк тасымалдауын болдырмау мақсатында бірқатар рейдтер өткізілді. Нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 45 әкімшілік іс қозғалып, қомақты айыппұлдар салынды.

Арыс қаласы әкімдігі алдағы уақытта да мұндай бақылау шаралары жүйелі түрде жалғасатынын және заң талаптарын бұзғандарға қатаң әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тараз әкімінің экс-орынбасары пара алғаны үшін 4 жылға сотталды

berdaly_oraz

Кентауда соңғы қоңырау шарасы аталып өтті

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

berdaly_oraz