Астанада бейнебақылау жүйесі жаңарады: «Сергек» орнына БАӘ-ден «Presight» компаниясы келе жатыр

Астанада бейнебақылау жүйесі жаңарады: «Сергек» орнына Біріккен Араб Әмірліген «Presight» компаниясы келе жатыр,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Астанадағы интеллектуалды бейнебақылау жүйесі жаңа кезеңге өтті. «Сергек» жүйесінің әкімдікпен жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі аяқталып, оның орнына жаңа оператор – Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясы келді.

2025–2030 жылдарға арналған жобаның жалпы құны 53 млрд теңгені құрайды. Барлық қаржылық шығынды Presight өз мойнына алады, ал жұмыстың 60%-ына қазақстандық компаниялар тартылады.

Жаңа жүйе жол қозғалысы ережелерінің 15 түрлі бұзушылығын анықтап, 35 түрлі бейнеаналитика жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Presight компаниясына төлемдер жоба толық іске қосылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Бұл өзгерістер қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, жол қозғалысын тиімді бақылауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мост из прошлого “Кто я? Откуда? Где страна, где мне не скажут, что я чужой?”

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартты