Түркістан облысында бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартты

ІІМ бастамасын қолдап, салауатты өмір салтын ұстануға ниетті ауылдардың қатары артып келеді. Жақында осы тізімге Төле би ауданына қарасты Зағамбар, Алғабас және Тағайна ауылдары қосылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қоғамдық келісім мен жауапкершілікке негізделген бұл үрдіс қазір Түркістан облысындағы 66 ауылды қамтып отыр.

«Зағамбар ауылында өзбектер де, қазақтар да, жалпы алты мыңнан астам халық тату-тәтті өмір сүреді. «Ішімдіксіз» ауыл атанып отырмыз. Өте қуаныштымыз», — деді Зағамбар ауылының тұрғыны Егізбай Сүттібаев.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ішімдіктен бас тарту тек жеке бастың ғана емес, тұтас қоғамның денсаулығы мен мәдениетіне әсер етеді. Қазірдің өзінде мұндай ауылдарда қылмыс деңгейі нөлге тең. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп те едәуір жақсарып, жастардың спортқа, білімге деген ынтасы арта түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Саурандағы серпіліс: индустриялық аймақтар кәсіпкерлікке тың серпін беруде

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 16 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

berdaly_oraz