Бәйдібекте «Жайлы мектеп» жобасымен 300 орындық мектеп бой көтеріп жатыр

Бәйдібек ауданындағы Шаян елді мекенінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев, аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев «Самұрық Construction» компаниясының өкілдерімен бірге нысанды аралады.

Сонымен қатар, аталған мектептің құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу барысы зерделеніп, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берілді. Одан бөлек, құрылыс жұмыстарын белгіленген жоспарға сәйкес сапалы аяқтау міндеттелді. Жаңа білім ұясы пайдалануға берілген соң, жергілікті оқушылар жайлы ортада заманауи талаптарға сай білім алмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ БАЛАМЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

berdaly_oraz

Мінбер мінбер ме, әлде мінәжат орны ма?

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Redaktor Arysinfo