Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы 16-шы санкциялар пакетін жариялады. Бұл жолғы шектеу шаралары ақпанның 20-сы күні мақұлданып, төрт күннен кейін күшіне енеді.

Жаңа санкциялар аясында ЕО елдері ресейлік алюминий өнімдерін сатып алуды кезең-кезеңімен тоқтатуға міндеттеледі. Сондай-ақ, Ресейдің мұнай экспортына қойылған шектеулер күшейтілмек. Бұдан бөлек, Мәскеуге тиесілі 73 танкердің халықаралық тасымалдаудағы әрекеті шектеліп, олардың қызметі айтарлықтай қиындайды.

Қаржы саласындағы қысым да арта түсті – Еуропалық Одақ қосымша 13 ресейлік банкті санкциялық тізімге енгізді. Жалпы алғанда, жаңа шектеулер 48 жеке тұлға мен 35 заңды тұлғаны қамтиды. Олардың қатарында бірнеше қазақстандық компания да бар.

Бұл санкциялар Ресей экономикасына қосымша қысым жасап, оның халықаралық нарықтағы әрекеттерін шектеуге бағытталған. Қазақстандық компаниялардың бұл тізімге енуі олардың болашақ қызметіне қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыстағы тұқымбақ тәжірибесі басқа аудандарға ұсынылды

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

berdaly_oraz

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Redaktor Arysinfo