Қазақ-өзбек шекарасында жанармай тасымалдаған жасырын тоннель жойылды

Жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта 450 метрлік жерасты тоннелін қазған. Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Қылмыс барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Қылмыстық әрекетке қатысы бар тұлғалар анықталды. Қазақстанның 5 азаматы күдікті деп танылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте полицейлер күдіктіні ұстады

Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Түркістан: Отаншылдықты дәріптеу бағытындағы жұмыстар жанданады