Маңғыстауда он күнде бес баланы қарақұрт шақты

дереккөз фото: turkystan.kz

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283422-symkentte-8-balanyn-anasy-ortten-qaza-tapty

Маңғыстау облысында қарақұрт шағу деректері күрт көбейіп, маусым айының алғашқы он күнінде бес бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мәліметінше, өткен жылы қарақұрт шаққан үш бала ғана медициналық көмекке жүгінген болса, биыл маусымның алғашқы онкүндігінде мұндай бес жағдай тіркелген.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық бала ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, алдымен жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Кейін жағдайлары тұрақтанған соң бейінді бөлімдерге ауыстырылған.

Мамандар жаз мезгілінде қарақұрттың белсенділігі артатынын ескертіп отыр. Қауіпті өрмекшінің шағуы қатты ауырсыну мен күйдіру сезімін тудырып, ауырсыну бүкіл денеге таралуы мүмкін. Сонымен қатар бұлшықет құрысуы, әлсіздік, тершеңдік, жүрек айну, құсу, бас айналу және жүрек қағысының жиілеуі секілді белгілер байқалады.

Медицина қызметкерлері қарақұрт шаққан жағдайда зардап шеккен адамның қозғалысын шектеп, шаққан жерді сабынды сумен жуып, салқын компресс қоюға кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше тез арада дәрігер көмегіне жүгіну қажет екенін ескертеді. Мамандар халықтық ем-дом әдістерін қолдануға немесе жарақат орнын өз бетінше кесуге болмайтынын айтады.

Дәрігерлер ата-аналарды табиғат аясында демалған кезде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады. Киім мен аяқ киімді киер алдында мұқият тексеріп, өрмекшілер жасырынуы мүмкін тастар мен бұталардың маңында сақ болу қажеттігін еске салды.

Мамандар қарақұрт шақты деген күдік туындаған жағдайда, әсіресе бала зардап шексе, уақыт жоғалтпай медициналық көмекке жүгінудің маңызын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Redaktor Arysinfo

«800 мың теңге бопсалаған» Друг-вокруг арқылы танысқан жігіт қыздардың құрған қақпанына түсіп қалды

berdaly_oraz

New York Times: Трамп АҚШ-тың сыртқы саясатына күрт өзгеріс жасап,Ресейді әріптес ретінде қарастыруда«Ұят екен»

berdaly_oraz