Полицейлер тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кешенді профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде

Осы мақсатта Түркістан қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары А. Қайырбекова мен М. Құттыбаева, ювеналдық полиция тобының инспекторы П. Ердәулет, Отбасы қолдау орталығының психологі Н. Сұлтанова мен Жастар ресурстық орталығының басшысы Ә. Піржанованың қатысуымен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Жұмыс тобы Түркістан қаласындағы 6 көпқабатты тұрғын үй мен 9 жеке тұрғын үйді аралап, отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Профилактикалық іс-шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ ата-аналар мен балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

berdaly_oraz

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей осы жылдың 10 тамызда туылып,есімі Абай болып қойылған қазақстандықтарға 180 мың теңге сыйақы беруді уәде етті

berdaly_oraz

Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

berdaly_oraz