Түркістан облысында маңызды жол пайдалануға берілді: Саурандағы 4 шақырым жол толық жаңартылды

дереккөз фото:Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқын алып келеді. Осы бағыттағы кезекті жоба аясында Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-60 «Түркістан – Кентау – Еңбекші – Дихан» автомобиль жолының 0–4 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан жобаны «Сарбаз Қуат» ЖШС орындады. Жаңартылған жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, өңір тұрғындары үшін жайлы әрі сапалы қатынасқа мүмкіндік береді.

Жоба аясында ұзындығы 4 шақырым жол ресайклер технологиясымен жаңартылып, екі қабатты асфальт-бетон төселді. Сондай-ақ елді мекен аумағында жаяу жүргіншілер жолы салынып, мектептердің маңына оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасанды жол кедергілері орнатылды.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде жергілікті маңызы бар жолдардың 94,8 пайызы, ал республикалық маңызы бар жолдардың 95 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Биыл өңірде жол саласын дамытуға 35,5 млрд теңге бөлініп, 224 нысанда жалпы 1 138,1 шақырым жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 445,2 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың қорытындысында Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 96 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан туризмін дамытуда Өзбекстан үлгісі қарастырылмақ

berdaly_oraz

Қазақстанда тәуелсіз медициналық сарапшылар институты енгізілді

berdaly_oraz

Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды