Астанада баспасөз хатшыларына арналған республикалық медиафорум өтті

дереккөз фото:Aikyn.kz 

Астанада баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс саласы мамандарына арналған республикалық медиафорум ұйымдастырылды. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың 70-тен астам баспасөз хатшысы мен PR маманы қатысты.

Форумның мақсаты – мемлекеттік органдардың ақпараттық саясаттағы жұмысын жетілдіру, кәсіби тәжірибе алмасу және заманауи коммуникация құралдарын тиімді қолдану мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік құрылымдардың қоғаммен байланысын нығайту, ақпараттық кеңістіктегі өзекті мәселелер, дағдарыстық коммуникация, цифрлық медианың мүмкіндіктері және халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнату бағыттары бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ форум аясында саланың жетекші сарапшыларының қатысуымен панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік кездесулер өткізіліп, қатысушылар кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Мұндай алаңдар мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, ақпараттық жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

berdaly_oraz

Шымкенттік оқушы әлемнің 50-ге жуық университетінен шақырту алды

Түркістан: 109 өкіл Астанада тәжірибе алмасты