Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы №61 жалпы білім беретін мектептің директоры Әсел Арапова 2024 жылдың желтоқсанында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл стипендия оған әлемнің ең үздік оқу орындарының бірі — АҚШ-тың California State University Chico университетінде бір жылдық ғылыми тағылымдама өтуге мүмкіндік береді.

Әсел Арапова Сарыағаш ауданының ұстаздар династиясында дүниеге келген. Оның педагогика саласындағы еңбек жолы 22 жылдан астам уақытты қамтиды. 1990 жылдары Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық академиясында оқытушы болып еңбек жолын бастаған Әсел, кейіннен аудандық мектептерде директор қызметін атқарды. 2016 жылы №3 М.Ломоносов атындағы мектептің директоры болып тағайындалған ол, мектептің білім беру сапасын арттыруға және оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асырды. Оның басшылығымен бұл мектеп аудан бойынша ең үздік оқу орындарының қатарына енді.

2024 жылдың тамызында Әсел Арапова Сарыағаш қаласындағы №61 мектепке ротацияланды. Жаңа мектепте де ол оқу-тәрбие жұмысын жаңашыл тәсілдермен ұйымдастырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мен оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге үлкен үлес қосты.

Енді, Әсел Арапова 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап АҚШ-тағы атақты университеттің бірінде білімін жетілдіріп, ғылыми тағылымдамадан өтеді. Бұл жетістік оның үздіксіз білім алуға деген ұмтылысының нәтижесі әрі Қазақстанның білім беру саласындағы жаңа жетістіктерге қадам басуына мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында шегірткелердің саны жылдағыдан 2,5 есеге артқан

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

berdaly_oraz

Ордабасы ауданында дзюдодан облыстық лига өтті

Пікір жазу