Зеленский Украинаның пайдалы қазбаларынан 50 пайызын АҚШ-қа беруден бас тартты

Украина Президенті Владимир Зеленский Мюнхенде АҚШ өкілдерімен кездескен кезінде украиндық пайдалы қазбалардың 50 пайызын АҚШ-қа беру туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлады,деп жазды Arysinfo.kz.

Газет мәліметінше, АҚШ Конгресінің делегациясы Зеленскийге қол қоюды ұсынған құжатта Украинаның болашақтағы минералдық қорларының 50 пайызына АҚШ құқығы берілетіндігі айтылған. Зеленский бұл құжатқа қол қоймаған.

Reuters агенттігінің дереккөздері де Зеленскийдің америкалық сенаторлармен кездесуде бұл келісімге қатысты алаңдаушылық білдіргенін, сондай-ақ құжатпен танысуға мүмкіндігі болмағанын хабарлады.

14 ақпанда Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Зеленский «барлығына қол қоюға дайын емес екенін», бірақ Украина мен АҚШ арасында пайдалы қазбалар бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты. Ол Украина Конституциясына негізделген ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.

Зеленскийдің айтуынша, Украина өзінің ресурстарымен АҚШ-пен ақысыз бөлісуді жоспарламайды, бірақ пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру бойынша келісімге келуге дайын-мыс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір

Redaktor Arysinfo

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен фракция отырысы өтті

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында биыл 172 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр