Саурандық азаматтар бір отбасыға үйдің кілтін табыстады

Сауран ауданына қарасты Құмтүйін елді мекенінде «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты игі іс-шара өтті. Ауданның 2005 жылғы мектеп түлектері бірігіп, бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Қайырымды азаматтардың бұл бастамасы көпке үлгі бола білді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталған шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.

— Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Бүгінгі игі іс – соның айқын дәлелі. Бірлік пен жанашырлық – елдігіміздің негізгі тірегі. Сіздердей жүрегі кең, жомарт азаматтардың арқасында ауданымызда осындай сауапты істер жалғасып келеді. Бұл тек бір отбасыға берілген баспана емес, қоғамдағы ізгіліктің көрінісі, – деп атап өтті аудан басшысы.

Баспананың толық салынып, жабдықталуына белсенді атсалысқан азаматтарға аудан басшысы Алғыс хаттар табыстады.

Айта кетейік, бұл бастама 2024 жылы қолға алынып, алғашқы баспана берілсе, биыл – тағы бір отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Жобаны жүзеге асырып жүрген азаматтар қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш ауданында ерте пісетін картопты жинау науқаны басталды

berdaly_oraz

Мамандар Шымкентте қашан күн жылынатынын болжады

Альфия Адамбек

Қырғызстан блогерлерді салықтық жеңілдіктермен қолдайды

berdaly_oraz

Пікір жазу