Шымкент: Батырлардың батылдығы ұлықталды

Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz. 

Іс-шараның мақсаты – соғыс және тыл ардагерлерінің батырлығы мен ерлікке толы еңбектерін дәріптеу, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Іс-шараға Тұран ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Мелдебеков, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кенесінің өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында Ербол Байқонысов жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілектерін білдірді.

— «Біз бүгін бейбіт өмірдің қадірін түсіну үшін өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпауымыз керек. Ардагерлеріміздің жанқиярлық ерлігі мен маңдай терімен келген жеңіс – тарихымыздың алтын парағы. Осындай шаралар арқылы біз өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды сіңіріп, батырларымыздың ерлігін дәріптейміз», – деп атап өтті.

Іс-шара аясында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Ардагерлердің құрметіне арнайы сахналық қойылымдар қойылып, «Шығыстың қос жұлдызы» — қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің бейнелері сахналанды. Сондай-ақ, іс-шарада Саз колледжінің студентері мен Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімі оркестрінің өнерпаздары соғыс тақырыбындағы әндерді орындап, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

admin_arysinfo

«Арыс-2025»: Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығулары аяқталды

berdaly_oraz

Пікір жазу