Шымкентте автокөлік ұрлаған ұры қолға түсті

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы оқиға 14 мамырда орын алған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жүргізуші полициямен көлік құралы ұрланғаны туралы хабарлама бойынша тоқтатылды. Полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысып, көлікпен қозғалысты жалғастырмақ болған ер адам полиция қызметкерлерінің ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Автокөлікті ұрлау жайты бойынша тексеру барысында арызданушы, ұсталған ер адам өзінің жақын туысы екенін және оған ешқандай шағымы жоқтығын жеткізді.

Құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін жауапқа тартылды.

Қазіргі таңда ол әкімшілік қамауда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жол ережесін емес, әдепті де бұзды: жүргізуші жазаланады

Redaktor Arysinfo

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛІП, ҚАРАЖАНТАҚҚА КІРМЕ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛУДА

Кентаудағы Байылдыр ауылы көгілдір отынға қосылды