Шымкенттің бұрынғы судьясы алаяқтық үшін сотталды

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бұрынғы судьясы Жанат Мүсірәлі алаяқтық жасады деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Жанат Мүсірәлі сотталушылардың біріне үкімді жеңілдетуге көмектесемін деп, оның туыстарынан 110 миллион теңге алған. Бұл іске адвокат Джахаев пен Алтаев есімді азамат та қатысқан.

Алтаев сотталушының жұбайына күйеуінің жазасын жеңілдетуге көмектесуге уәде беріп, адвокат Джахаев пен судья Мүсірәліге жүгінген. Нәтижесінде үшеуі жәбірленушіні алдап, берілген ақшаны иемденген.

Сот олардың пара беруге итермелемегенін анықтады. Яғни бастама сотталушының туыстарынан шыққан. Осыған байланысты сот үкім шығарып, Жанат Мүсірәліні мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,5 жылға соттады.

Сондай-ақ,адвокат Джахаев 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, 7 жыл бойы заңгерлік қызметпен айналыса алмайды.Ал Алтаев 5 жылға сотталды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: 109 өкіл Астанада тәжірибе алмасты

Түркістан облысында әкімдер мен басқарма басшыларының жұмысына жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

berdaly_oraz

Атырау футбол клубының ойыншылары үш айдан бері жалақысыз жүргенін мәлімдеп, кезекті ойынына байкот жарияламақ

berdaly_oraz

Пікір жазу