Түркістан облысында алаяқтар абақтыға қамалды

Түркістан облысы Сайрам аудандық соты 141 адамды алдап соғып, ақшасын алды деген айыппен үш тұрғынның әрқайсысын 4 жыл 8 айға түрме жазасын кесті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

“Алаяқтық” бабымен кінәлі деп танылған олар үкіммен келіспейтінін айтты. Алаяқтық жасады дегендерге алданғандардың алды 2 миллион, ең азы 340 мың теңге шамасында қаражатынан айрылған.

Түркістан облысы Сайрам аудандық соты Ю-пен бірге “бірнеше рет жасалған алаяқтық” бабымен Х.Ш пен И.А кінәлі деп танып, оларды да дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырды. Сотталушылар 141 адамды алдап соғып, ақшасын алды деген күдікке ілінген. Оларға алданғандардың ең көбі 2 миллион теңге, ең азы 340 мың теңге шамасында ақша берген.

Сотталушылар үкіммен келіспейтінін басын шайқап білдірді. Ал олардың туыстары соттың сөзін үнсіз жылап тыңдады. Олар сот шешіміне қатысты қандай да бір пікір білдірмеді.

Сот дерегінше, жәбірленушілердің дені — жұмыссыз. Сотталушылар оларға кәсіп ашқанын, тендер жеңгенін, жұмысқа орналастыратынын, ақша салса қосымша ақы алатынын айтып сендірген. Алаяқтықты Kaspi банктің Kaspi Pay төлем жүйесімен жасаған.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде полицей танысын байқаусызда атып жіберді

Сарыағашта ерекше баланы ұрған маман жұмыстан шығарылды

berdaly_oraz

Шерзаттың өліміне қатысты іс: күдіктілер өз кінәсін мойындаудан бас тартуда

berdaly_oraz

Пікір жазу