Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылыс барысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспары бойынша бекітілген жарлығына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген. Бүгінде Сайрам ауданында құрылысы жүріп жатыр. Аталған стратегиялық нысанның құрылысы қалай жүруде? Қандай мәселелер бар? Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы сұрақтарға қатысты жиын өткізіп, жауапты басшылар мен тұлғалардың есебін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

– Бұл – аса маңызды жоба. Уақтылы әрі сапалы атқарылуы тиіс. Жұмысшылар санын көбейтіп, жобаны жандандыру қажет. Облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

«Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығының хабарлауынша, инфрақұрылым тарту, газ, электр жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қажетті жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу шаралары да қатар атқарылуда. Акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ. Бүгінде бетондау жұмыстары 64% орындалды. Металл конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстар 9,2 пайызға атқарылған. Қажетті құрал-жабдықтары мен металл конструкциялары жеткізілуде.

Жиында өзге де мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орны санитарлық тексеруден өтті

berdaly_oraz