Зейнетақы жинағын шешіп алу күрт өсті: халық жаңа шектеулерге дейін асықты

дереккөз фото: Aikyn.kz

Қазақстандықтар жаңа шектеулер күшіне енбей тұрып, зейнетақы жинақтарын жаппай шешіп ала бастады. Мамыр айында тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдері күрт артқан.

Ресми мәлімет бойынша, төленген қаражат көлемі 117,8 млрд теңгені құрап, бұл сәуір айындағы көрсеткіштен екі есе көп болған.

Сарапшылар мұны зейнетақы қаражатын пайдалану талаптарының қатаңдатылатыны туралы ақпаратпен байланыстырады. Соның салдарынан көптеген азамат жаңа талаптар күшіне енгенге дейін жинақтарын пайдалануға асыққан.

Ұқсас жаңалықтар

Алкоголизмнің алдын алу – ортақ міндет

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Redaktor Arysinfo

Созақ ауданы облыстық рейтингте үздік үштікке кірді

berdaly_oraz