Түркістан: Ордабасыдағы ауқымды сенбілікке 200-ге жуық адам атсалысты

Бүгін аудан орталығы Темірлан елді мекенінде орналасқан, жақында ел игілігіне берілуі жоспарланған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешеннің аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шараға ауданның түрлі сала өкілдері мен тұрғындар белсенді қатысты. Қатысушылардың құрылысы аяқталған аумақты тазалау, ретке келтіру мақсатында бірлесе еңбек еткен бұл сенбілік жұмыстары тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын көрсетті.

Жаңа кешеннің іске қосылуы аудан тұрғындарының спорт пен мәдениетті дамытуға деген ынтасын арттырып, аймақтың әлеуметтік өміріне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ КҮНДЕРДЕ ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ТАЙҒАҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

berdaly_oraz

ЖОҒАЛҒАН ҚАРИЯНЫ ІЗДЕУ ҚАЙҒЫЛЫ АЯКТАЛДЫ

Альфия Адамбек

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САУДА БАСТАЛДЫ: 649 НЫСАНДА 50%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК БАР

Redaktor Arysinfo