РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САУДА БАСТАЛДЫ: 649 НЫСАНДА 50%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК БАР

Қазақстан бойынша Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады

Қазақстанда Республика күніне орай жалпыұлттық жеңілдіктер науқаны басталды. Республика бойынша 649 сауда нысаны қатысып жатқан Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында тұтынушылар азық-түлік және өзге де тауарларды 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, мерекелік науқан 17 қазанда басталған. Акцияның мақсаты – ішкі сауданы жандандыру, тұтынушыларға тиімді ұсыныстар жасау және отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен таныту.

Ірі сауда орталықтары мен дүкендер жеңілдік ұсынады

Republic Day акциясына еліміздегі 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі қосылды. Олардың қатарында Астанадағы MEGA Silk Way және «Хан Шатыр», Алматыдағы MEGA Alma-Ata, MEGA Park және Forum Almaty, сондай-ақ Шымкенттегі Mega Planet пен Shymkent Plaza бар.

Ал Bereke Fest акциясына бөлшек сауда желілерінің 417 дүкені қатысуда. Олардың қатарында Magnum, SMALL, «Астықжан» және GraMad сауда желілері бар.

Акция аясында азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарына 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Дегенмен жеңілдіктің нақты мөлшері тауар түріне және әр сауда ұйымының шарттарына байланысты белгіленеді.

Жеңілдіктер 27 қазанға дейін жалғасады

Жалпыұлттық науқан 2026 жылғы 27 қазанға дейін, қоса алғанда, жалғасады. Акцияға қатысатын сауда орындарының мекенжайлары туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарынан білуге болады. Ал жеңілдік мөлшері, тауар ассортименті және сатып алу талаптарын сауда ұйымдары өздері жариялайды.

Мерекелік науқан тұтынушыларға қажетті

Ұқсас жаңалықтар

Арыста тағы бір ауылға табиғи газ берілді

ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

АРЫС: ӘЙЕЛ – БИЗНЕС БИІГІНДЕ: ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНЕ 10 ЖЫЛ

Redaktor Arysinfo