Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбілдің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиынның басты мақсаты – жергілікті деңгейде ҮЕҰ-мен тиімді ынтымақтастық орнатып, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу, нақты ұсыныстар әзірлеу және оларды жүзеге асыру жолдарын бірлесе қарастыру, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Кеңес отырысында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпейіс Ақбаев, Ордабасы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ пен «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрайымы, кеңес төрағасының орынбасары Инара Намазбаева баяндама жасады. Сонымен бірге, отырыс барысында кеңес мүшелері өзара пікір алмасып, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.
