Түркістанда велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды

Түркістанда велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау бастамасы аясында Түркістанда велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды. Бұл жарыс – өңірдің спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.

Велоспорт – тек төзімділік пен шеберлікті ғана емес, сондай-ақ қайсарлық пен жеңіске деген ұмтылысты талап ететін спорт түрі. Түркістан облысында бұл спортқа ерекше көңіл бөлініп, қазіргі таңда 200-ге жуық спортшы тұрақты түрде шұғылданады.

Турнирдің басты мақсаты – спортшылар арасындағы достық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ велоспортты халық арасында кеңінен насихаттау. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 200-ге жуық велошабандоз қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар, спортшылар Түркістанның туристік әлеуетімен де танысуға мүмкіндік алады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

Арыста «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

berdaly_oraz

Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды

berdaly_oraz