Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс бәсекесі аяқталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ерлер арасында түркістандық үш боксшы финалға жолдама алған болатын. Олар: Сәкен Бибосынов, Сағындық Тоғамбай және Нұрлан Сапарбай.

54 келіде, яғни, жаңа салмақта бақ сынаған жерлесіміз Сәкен Бибосынов ресейлік Денис Пальшинді тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.

Ал 92 келідегі талантты боксшы Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Cергей Слободянмен жұдырықтасып, күміс жүлдеге қол созды. Сондай-ақ +92 келіде өнер көрсеткен Нұрлан Сапарбай мен ресейлік Орудж Мамедов арасындағы жекпе-жек тартысты өтті.

Қорытындысында түркістандық сайыпқыран мықты деп танылып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 67 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қола медальды қанағат етсе, әйелдер арасында 66 келіде рингке көтерілген дарынды ару Аружан Жаңабаева да қола жүлдені місе тұтты.

Осылайша Мырзағали Айтжанов шәкірттері халықаралық бокс додасында өздерінің мықтылықтарын тағы да дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте вандализмге төзімді SOS батырмалары іске қосылды

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Өңір жаңалығы: Жетісайдағы арық-атыздар мен коллекторлардың жағдайына талдау жасалды

Пікір жазу