«Яндекс таксиді» кірпішпен ұрып, бүлдірген әйел қамалды

Шымкентте әлдебір әйелдің «Яндекс такси» көлігін сындырып, бүлдірген сәті видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желілерге тараған видеодан көлік терезелерін кірпішпен сындырған көруге болады. Әйелдің неге мұндай әрекетке барғаны беймәлім, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 

Бүгін қалалық полиция департаменді бұл оқиғаға қатысты хабар таратты. Департамент мәліметінше, көлікті бүлдірген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Тергеу амалдары басталған.

«Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады».

Ұқсас жаңалықтар

Қайсар Маңқараев: Тыл ардагерлеріне құрмет – ұрпақ парызы

berdaly_oraz

Президент Шымкенттегі «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

berdaly_oraz

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

berdaly_oraz

Пікір жазу