ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласының бірқатар тұрғындары велосипедпен келіп, өз таңдауларын жасады. Келген тұрғындар референдум учаскесіне аялдап, өз дауыстарын берді.

«Әрбір мемлекеттің болашағы азаматтардың белсенділігіне байланысты. Референдум – сол белсенділікті нақты іс арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Дауыс беру арқылы халық маңызды реформалар мен өзгерістерге өз көзқарасын білдіреді. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы сенім мен диалогтың маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысуы – елдің тұрақты дамуына және қоғамның бірлігіне қосылған маңызды үлес» — дейді қала тұрғыны Дархан Темірхан.

Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша 34 референдум учаскесі, 42 840 дауыс беруші бар. Жалпы референдумға облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97%-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.

Дереккөз:Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қала әкімі Қайсар Маңқараев ауылдарды аралап, тұрғындардың мәселелерін тыңдады

berdaly_oraz

«Екінші рет өмір сыйлады»: Арыс қалалық аурухана дәрігерлеріне ұстаз алғысын жаудырды

berdaly_oraz

Түркістан облысында жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды