Түркістанда көктемгі абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Түркістан қаласында көктемгі тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары күшейтілді. Қала көшелері, туристік нысандар мен аулаларда тазалық тұрақты бақылауға алынған.

Қазіргі таңда гүл егу науқаны басталып, жалпы 2 миллионға жуық гүл отырғызу жоспарланған. Жұмыстар Б.Саттарханов даңғылы, әуежай, теміржол вокзалы және Керуен сарай, Конгресс Холл аумақтарын қамтиды.

Сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарлар жаңартылып, ағаштар әктеліп, балалар және спорт алаңдары ретке келтірілуде.

Наурыз мерекесі мен туристік маусым қарсаңында қала келбетін жақсарту жұмыстары күшейтілген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ТЕКСЕРІС ОРТАЛЫҚ БАЗАРДА ЖАЛҒАСТЫ

Redaktor Arysinfo

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы Түркістан қаласында жалғасуда

berdaly_oraz

САЙРАМДЫҚ БОКСШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Redaktor Arysinfo