Шардарада мешіт қызметкерлеріне үй мен көлік берілді

Шардара ауданында орталық мешітке қызметтік баспана мен автокөлік табысталды.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бас имам Қажымұқан Қазыбаев және наиб имам Еркебұлан Жұмахановпен кездесіп, Наурыз мерекесіне орай демеушілер есебінен алынған 5 бөлмелі үй мен жаңа көліктің кілтін тапсырды.

Бұл бастама мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Өз кезегінде имамдар көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, елге бірлік пен береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН КӨКТЕМГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 440 мың теңгеге жетті