Түркістан облысында құтқарушылар бір апта бойы суға батқан баланы іздестіріп жатыр

Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туған бала 23 наурыз күні суға батып кеткен. Қазіргі уақытта оны іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Анасының айтуынша, оқиға сол күні сағат 17:00 шамасында Келес өзенінде болған. Бала суға құлап кеткеннен кейін дереу іздестіру жұмыстары басталған.

Құтқару шараларына Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары мен еріктілер жұмылдырылған.

Қазіргі таңда баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте полицейлер күдіктіні ұстады

ЖЫЛДЫҚ 12,6% МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН «ӨРЛЕУ» ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

«Ту қалып қойды!»: жалын арасынан мемлекеттік рәмізді құтқарған азамат

Redaktor Arysinfo