Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Түркістан облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс ауданындағы штабта болып, дайындық барысын тексерді.

Биыл Арыс қаласында 91 100 гектар жерді өңдеу жоспарланған. Жұмыс 17 секторға бөлініп, 112 бүріккіш техника мен арнайы мамандар жұмылдырылмақ. Қазіргі таңда өңірде шегіртке ошақтары анықталып, кей аудандарда дернәсілдердің белсенділігі байқалуда.

Жауаптыларға күнделікті мониторинг жүргізіп, техника мен жұмыс күшін толық бақылауда ұстау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа медициналық туризм орталығы мен заманауи сауда-ойын-сауық кешені салынады

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА ДЕРМЕНЕ ЖАСТАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

berdaly_oraz

154 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Redaktor Arysinfo