Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойын Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырды.
Салтанатты шара аясында мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және театрландырылған қойылымдар сахналанды. Сонымен бірге Қажымұқан рухына арналған ерекше күш көрсетілімдері – тас сындыру, темір майыстыру секілді рекордтық шоулар көрерменге ұсынылды.
Мерейтой аясында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Ауқымды спорттық шараға аудан тұрғындары, спорт жанашырлары, ардагерлер мен жас балуандар қатысып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты. Турнирде боз кілемге шыққан жасөспірімдер өзара мықтыларды анықтап, тартысты белдесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
