АРЫСТА «АРЫС-АНТИТЕРРОР-2026» ЖЕДЕЛ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

2026 жылғы 15 сәуірде Арыс қаласының аумағында «Арыс-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы жедел оқу-жаттығулары ұйымдастырылуда. Аталған іс-шараның басты мақсаты – терроризмге қарсы күрес бағытында Арыс қалалық жедел штабы мүшелері мен арнайы топтардың кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында түрлі шартты сценарийлер пысықталып, террористік қауіп туындаған жағдайда жедел әрекет ету тетіктері тексеріледі. Атап айтқанда, жедел штаб күштері мен құралдарын дер кезінде құлақтандыру, оларды жедел жинақтау және оқиға орнына жеткізу жүйесінің тиімділігі сараланады.

Сонымен қатар, арнайы қызметтердің өзара іс-қимылы, үйлесімділігі мен дайындық деңгейі де жан-жақты бағаланатын болады. Мұндай жаттығулар қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарады.

Осыған байланысты Арыс қаласының тұрғындарынан өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарау сұралады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады

Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент 5 орында

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ