Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиләсы» Түркістан көрерменімен қауышты

Қызылорда өңірінің Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры Түркістан қаласына гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымы көрермен назарына Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» драмасын ұсынды.
Спектакльде Жәмилә бейнесі дәстүрлі қалыптан өзгеше, бірнеше қырынан ашылады. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр еңбек пен адамдар арасындағы үнсіз сезім сценарий мен хореография арқылы әсерлі жеткізілген.
Қойылымдағы ең әсерлі көріністердің бірі — Жәмиләнің Даниярмен бірге тағдырын таңдаған сәті. Көрерменге ерекше әсер сыйлады. Бұл эпизод кейіпкердің жан дүниесіндегі қайшылықты, жауапкершілік салмағын терең сезіндіреді.
Жәмиләнің махаббаты — тек сезім емес, өз тағдырын өзі таңдауға деген ұмтылыс. Қойылым көрерменді терең ойлануға жетелейді.
Спектакль соңында көрермендер ұзақ уақыт бойы қол соғып, актерлік құрам мен шығармашылық топқа ерекше ықыласын білдірді.
Театр басшысы Мұхтар
Ниязов түркістандық әріптестеріне, көрермендерге алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының және театр ұжымы атынан арнайы ықылас гүлі табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан: «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

Арыстағы тұқымбақ тәжірибесі басқа аудандарға ұсынылды