Түркістан облысында құтқарушылар тауда қалған екі адамды аман алып түсті

Түркістан облысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары түнгі уақытта тауда қалып қойған екі азаматқа жедел көмек көрсетті. Оқиға Бәйдібек ауданына қарасты Теректі ауылының маңында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтар күндіз тауға серуендеуге шығып, кешкі уақытта кері қайту кезінде бағыттан жаңылып қалған. Қараңғылық түсуіне байланысты олар өз бетінше төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Құтқару жұмыстары барысында мамандар зардап шеккендермен үздіксіз байланыс орнатып, олардың нақты орналасқан жерін анықтады. Жедел ұйымдастырылған іздестіру-құтқару шараларының нәтижесінде екі адам қауіпсіз түрде тау бөктеріне түсірілді.

Абырой болғанда, азаматтардың денсаулығына зиян келмеген, медициналық көмек қажет етілмеді.

Мамандар тауға шығу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертіп, алдын ала маршрутты жоспарлау мен байланыс құралдарын дайындап жүруге кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Түркістан облысында елімізге импортты азайтып, экспорт көлемін арттыру бағытында жобалар жүзеге асырылады

Түркістан облысының спортшылары “Ақ бидай” ауыл спорты ойындарына дайындықты күшейтті