АРЫСТЫҢ АРУЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Арыс қаласының спорт саласындағы жетістіктері тағы бір дарынды жаспен толығуда. Қаусар Ерланқызы – 20-26  сәуір күндері  Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында ел намысын сарапқа салатын үміткерлердің бірі.

Жас спортшы бүгінде Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі қабырғасында жаттығып, өз шеберлігін шыңдап келеді. Қайсар мінезі мен тынымсыз еңбегінің арқасында ол қысқа уақыт ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Қазіргі таңда Каусар қыз спорт шебері.

Қаусардың спорттағы қалыптасуына тәжірибелі жаттықтырушылардың ықпалы зор. Ол – қазақтың даңқты спортшысы Жазира Жаппарқұлды тәрбиелеген бапкер Дүйсебек атасының шәкірті.  Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінің 10 сынып оқушысы Болат Идирисов бапкерінің  тәлімін алып жүр.

Алда тұрған дода – жас спортшы үшін үлкен сын. Бұл жарыс оның шеберлігін жаңа деңгейде көрсетуге мүмкіндік бермек.

Арыс жұртшылығы Қаусарға сенім артып, жеңісті жол тілейді. Ел намысын қорғау – үлкен жауапкершілік. Ал Қаусар сол сенімді ақтап, биіктен көрінеді деген үміт зор.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРЕНІ АЗАМАТ МАҚҰЛБЕКОВ ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының спортшылары жүзуден Қазақстан чемпионатында 11 жүлде иеленді

Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 спортшысы жүлдегер атанды

Альфия Адамбек