СҮЙІНШІ! АРЫСТЫҢ КӘУСАРЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ!

Арыстың атын асқақтатқан сүйінші хабар! Алматы қаласында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтуде.

Түркістан облысының намысын қорғаған арыстық Кәусар Өмірзақ 61 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан озып, Қазақстан чемпионы атанды!

Кәусар жұлқа көтеруде 71 келіні, серпе көтеруде 84 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 155 келі нәтиже көрсетті. Осылайша, жас спортшы алтын медальді қанжығасына байлады.

Бұл – Кәусардың ғана емес, оның отбасы мен туған жері Арыстың да мерейін үстем еткен үлкен жеңіс!  Кәусарды ел чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Алдағы жарыстарда да биіктен көрініп, көк Туымызды талай мәрте көкке көтере беруіне тілектеспіз!

Жеңісің құтты болсын, Кәусар! Алтын медальдарың көп болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық спортшылар триатлоннан Қазақстан чемпионатында жүлделі болды

berdaly_oraz

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Redaktor Arysinfo

Түнгі Түркістанның көркі тіпті бөлек…

berdaly_oraz