ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН ЕҢБЕК ИЕСІНЕ ІЗЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Арыс қаласында мәдениет саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы қала руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Гүлнар Әшімқызының 61 жасқа толуына және құрметті еңбек демалысына шығуына орай «Шабытпен өткен шежірелі жылдар» атты шығармашылық кеш өтті.

Тағылымға толы кешке қала әкімі Қайсар Маңқараев, Түркістан облысы мәдениет басқармасының ономастика және тіл бөлімінің бас маманы Гүлмира Исатай, «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» мекемесінің бөлім жетекшісі Зағипа Тастанбекқызы Өмірзақова, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, қала тұрғындары, әріптестері мен шәкірттері қатысты.

Кеш барысында қала әкімі Қайсар Маңқараев мерейтой иесін құттықтап, Гүлнар Әшімқызының Арыс қаласының мәдени өмірінде өзіндік орны бар тұлға екенін ерекше атап өтті. Ол мерейтой иесінің көпжылдық еңбегін жоғары бағалап, алдағы өміріне зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.

Кеш иесіне әріптестері мен шәкірттері ақжарма тілектерін арнап, өнер мен естеліктерге толы әсерлі сәттер сыйлады. Шара барысында мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

«SENAT OPEN» ашық кубогының жеңімпаздары анықталды

Қайсар Маңқараев:Тазалық – әрбір азаматтың жауапкершілігі

berdaly_oraz

Президенттің экономиканы дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде Үкімет жартыжылдықта ЖІӨ-нің 6,2%-ға өсуін қамтамасыз етті