Ә.БӨКЕЙХАНОВ — ТАРИХТАҒЫ ДАРА ТҰЛҒА

Дереккөз, фото: Дермене ауылдық округ әкімдігі

Дермене ауылдық кітапханасында өскелең ұрпаққа ұлт көсемінің өшпес ерлігін үлгі ете отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи сананы жаңғырту мақсатында ұлт мақтанышы, Алаш қозғалысының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Ә.Бөкейханов: тарихтағы дара тұлға» атты танымдық кеш және кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқырмандар назарына Әлихан Нұрмұхамедұлының өмірі мен саяси жолына арналған сирек деректер ұсынылды. Көрме арқылы қайраткердің «Алаш» партиясын құрудағы еңбегі мен ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күресі таныстырылды.

Сонымен қатар жастар арасында Әлихан Бөкейхановтың асыл мұралары мен қанатты сөздері насихатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Қытайлық инвесторлар Түркістанда құрылыс хабын құруға ниетті

Redaktor Arysinfo