ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Дереккөз, фото: Дарбаза ауылдық округ әкімдігі

Дарбаза ауылдық округінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында сауда орындарына кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдері және өзге де зиянды заттарды сатуға қатаң тыйым салынатыны жөнінде ескерту жасалды.

Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарының иелеріне заңнама талаптарын бұзған жағдайда көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд кезінде түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы кең қолдау табуда

Redaktor Arysinfo

Жолда қалған жүк көлігінің шетелдік жүргізушісі қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

berdaly_oraz

Шымкентте мас күйдегі жасөспірімдер пойыз вагонына мінуге ұмтылды

berdaly_oraz