ТҮРКІСТАНДА МЕГА ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

 Арыс маңында мемлекет қолдауымен 50 000 басқа арналған ірі бордақылау кешені іске асырылуда. Бұл – өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі.

Қазіргі таңда кешенде 30 000-ға жуық ірі қара мал бордақылануда. Заманауи технологиямен толық жабдықталған фермада барлық өндірістік үдерістер автоматтандырылған.

 Өнімдер ішкі нарықпен қатар шетелге де экспортталуда. Алдағы уақытта кәсіпорын жаңа халықаралық нарықтарды игеруді көздеп отыр.

Бұл жоба Түркістан облысының экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның ет экспорттық әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосады.

Ұқсас жаңалықтар

ҒАСЫРДЫҢ ЖАУҺАРЫ – АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ: ҚОРЫҚТЫ ҚОРҒАҒАН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Тоқаевтың өкімімен бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo