ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСКЕН ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖИНАЛУДА

Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округінде ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімі жинала бастады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев егіс алқаптарын аралап, диқандардың еңбегімен танысты және ауыл шаруашылығының дамуына оң баға берді.

Бүгінде жергілікті шаруалар әлеуметтік маңызы бар дақыл – қырыққабатты жинап, өнімді еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. Бұл ішкі нарықты ерте көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрама елді мекенінің тұрғыны, «Мухаммеджан» шаруа қожалығының иесі Срайыл Бадалов 0,25 гектар жерге қырыққабат егіп, жыл сайын орта есеппен 15 тонна өнім алып отыр.

Бұл бастама өңірдегі ауыл шаруашылығының қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 900-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

berdaly_oraz

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек